1 058
Елімізде 2353 науқас трансплантация кезегінде тұр
«Сонымен қатар еліміздегі қан донорлығы да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қан құюдың жетіспеушілігі өмір мен өлім арасында жатқан науқас үшін денсаулығын сақтаудың бірден-бір себебі болатын жағдайлар да кездеседі. Біздің әрқайсымызға күндердің бір күні қан құю керек болуы мүмкін. Сондықтан да қан донорлығы мемлекеттік саясаттың элементі болып қалыпстасса, ал әрбір азамат үшін салауатты өмір сүрудің бір қыры ретінде қалыптасуы керек» делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған орай, қараша айының 18-не жоспарланған «Трансплантацияға жаңа көзқарас» және «Жүрегіңнің бір бөлігімен бөліс» атты баспасөз конференцияларына қатысуға шақырады.Шараның басты мақсаты – қоғамда дұрыс ақпаратты таратып, дүниеден өткеннен кейін донор болуға, қайтыс болғаннан кейін басқа адамдардың өмірін сақтап қалам деген әрбір азаматқа шешім қабылдауға көмектесетін ақпаратты қоғамда қалыптастыру. Сонымен қатар халыққа қан донорлығын насихаттау.





