5 477

Донорларды жинақтау бөлімшесі

Донорларды жинақтау бөлімшесі


Донорларды жинақтау бөлімшесі облыстық медицина орталығының (ОМО-ның) бірінші қабатында орналасқан3 бөлмеден тұрады (1-ші бөлмеде медициналық тіркеушілер донорларды компьютерге тіркеп, мед. тіркеушінің көмегімен қан компонентін тапсыратын донорлар донорлық сауалнамасына жауаптарын жазады, 2-ші бөлмеде дәрігер донорды қабылдайды және 3-ші бөлмеде дәрігердің қабылдауынан өткен донор шай ішеді).

 

Бөлімшеніңжалпы ауданы – 60,23 м2құрайды.

1. Донор қабылдайтын бөлме -19,02 ш.м

2. Дәрігердің донорды қабылдайтын бөлме - 19,01 ш.м

3. Донорлар тамақтанатын бөлме – 22,2 ш.м

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Ермағанбетова Фаризат Асылбекқызы дәрігер трансфузиолог және бөлімше аға мейірбикесі Едилова Акбаян Бейсеновна.

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінде 8 медицина қызметкер жұмыс жасайды, яғни 2 дәрігер, 1 фельдшер, 1 маман қызметкері, 3 мейірбике және 1 медициналық тіркеуші.

 

Барлық медицина қызметкерлері уақытылы білімдерін жетілдіріп отырады. Донорларды жинақтаушы бөлімшенің меңгерушісі Ермаганбетова Рыскуль Кенесарыевна Қазақстан Республикасының Денсаулық Сактау Министрлігі мен АҚШ-тың американдық денсаулық сақтау бірлестіктің келісімі бойынша АҚШ-тың Оклахома штаты, Оклахома-Сити қаласында білімін жетілдірген.

 

АҚШ-тың қан қызметі саласынан алынған тәжірибеге сүйене отырып төмендегі іс-шаралар енгізілді:

1.Халық арасында донорлықты насихаттауға студенттер мен еріктілерді (волонтерларді) қатыстыру;

2.Қан құю қызметі жұмысын кеңейту;

3.Донорларды жинақтау бөлімшесінің жұмысын ынталандыру.


Бөлімшенің негізгі міндеттері мен қызметі: 


·Ел арасында ерікті, өтеусіз донорлықты насихаттау және дәріптеу;

·14-маусым - «Дүниежүзілік донор күнін» өткізуді ұйымдастыру;

·Көшпелі жағдайда донорлық қанды дайындап, акциялар өткізу.

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov